1 мин.

«Ақтөбе» үш легионер футболшыға жаңа келісім-шарт ұсынбайды

Владимир Мұханов команданы қайта жасақтамақ.

Тонго Думбия, Михал Йерабек және Эрвен Мукам «Ақтөбеден» кетеді, деп хабарлайды СпортРадар.kz телеграм арнасы.

Дерекөөздің мәліметінше, үш легионердің де «Ақтөбемен» келісім-шарттары аяқталған, ал клуб басшылығы олардың командадан кетуіне қарсы емес.

Одан бзлек, келісім-шарттары аяқтаған украиналық Виталий Балашов пен литвалық Артурас Жулпа команданың алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын болады.

32 жастағы малилік жартылай қорғаушы Тонго Думбия «Ақтөбе» жейдесінде 22 матчта төбе көрсетіп, 2 нәтижеоі пас берді. Ал француз футболшысы Эрвен Мукам 28 матчқа қатысып, 4 гол соқты, 2 мәрте әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасады. 28 жастағы чехиялық қорғаушы Михал Йерабек 27 матч өткізіп, 2 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды.