1 мин.

Барсегян «Тобылдың» жеңісі туралы: «Бізді алаңдатады деймісіз? Бұл күлкілі сұрақ»

«Астана» мен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян ҚПЛ-ның 23-турындағы «Жетісумен» (1:3) өткен кездесуден соң пікірімен бөлісті:

– Бүгін өте қызықты ойын өтті. Бізге қиын түсетінін білдік, бірақ, Аллаға шүкір, жігерімізді көрсетіп, жеңіске жеттік.

– Қарсыластарыңыз «Жетісу» жоғарғы дивизионнан ұшып кетті. Бұл командаға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?

– Білсеңіз, ең қауіптісі – жоғалтар ештеңесі жоқ қарсыластар.

– «Тобыл» да жеңіске жетіп, турнирлік кестедегі таласты жалғастырып келеді. Бұл факт командаға айтарлықтай әсер ете ме?

– Сенсеңіз, мен футболды мүлдем көрмеймін, ойын нәтижелерін қарамаймын. Олардың жеңгенін сізден естіп отырмын. Бізді алаңдатады деймісіз? Бұл күлкілі сұрақ.

– Алда – халықаралық үзіліс. Ұлттық құрама сапына қандай көңіл-күймен аттанасыз?

– Клуб үшін бе, құрама сапында ма, маңызы жоқ, мен тек жеңіске жету үшін барамын. Алдағы екі ойын Армения үшін тағдыршешті сынақ болып отыр. Біз барымызды салуымыз қажет.