«Хаким Зиеш Қазақстан туралы сұраса, тек жақсы жақтарын айтамын»
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
«Тұран» шабуылшысы Самир Фазли Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа сұхбат беріп, бұрын біздің ел туралы ештеңе білмегенін, бірақ тез бейімделіп кеткенін айтты.
– Самир, «Тұранға» тамыз айында ғана келдіңіз, бірақ бірінші матчта гол соғып, бірден көзге түсіңіз. ҚПЛ-да өткізген уақытты қалай бағалайсыз?
– 30 тамызда келдім, бірақ бірінші матчты қыркүйекте өткіздім. Маған мұнда бәрі ұнады, бәрі керемет! Команда, адамдар, ел – бәрі өте тамаша.
– Команда сапында бар болғаны бес матч өткіздіңіз. Қазақстан Премьер-лигасы қандай екенін түсіне алдыңыз ба?
– Басында кішкене белгісіз тұстары болды. Бірақ қазір Қазақстанда жаттығу барысы қалай өтеді, матчқа қалай дайындалады бәрін анық біле бастадым.
Мен тәжірибелі футболшымын, жасым 30-да. Меннен не талап етілетінін және не істеу керектігін бірден білідм (күлді).
– Бұрын біздің футбол туралы не білетін едіңіз?
– Жоқ, мен ештеңе естіген емеспін. Бірақ бейімделуіме Қазақстанда көптен бері ойнап жүрген сербиялық Милан Стоянович көмектесті. Сондай-ақ, өзге де македониялық ойыншылар - Давид Атанаскоски («Шахтер» қорғаушысы – Prosports.kz) мен Алекса Амановичтен («Тобыл» қорғаушысы – Prosports.kz) сұрадым. Олар маған ҚПЛ-да футбол өте тартысты екенін, физикалық тұрғыда өте жақсы дайындалу керек екенін айтты.
– Қазақстанда жалғасты өнер көрсеткіңіз келе ме?
– Иә, әрине. «Тұран» басшылығымен жаңа келісімшарт туралы келіссөз жүргіземіз. Маған Қазақстан қатты ұнады.
– «Челсидің» жұлдызы Хаким Зиешпен жақсы араласатыныңыз рас па?
– Иә. Онымен голландиялық «Херенвен» командасында бірге доп тептік.
– Онымен қазір хабарласып тұрасыз ба?
– Аса жиі емес. Бірнеше айда хабарлама алмасамыз немесе сөйлесеміз.
– Онымен кездескен кезде «Тұран», ҚПЛ, Қазақстан туралы не айтасыз?
– Тек ең жақсы жақтарын айтамын.
– Сіз қазақстандық жас футболшылардың Еуропаға аяқ басуына көмектесіп жүр деп естідім?
– Рас (күледі). «Тұранда» Нұрғайни Бөрібаев деген жігіт бар – маған оның ойыны қатты ұнайды. Еуропада өзін көрсетуі әбден мүмкін. Мүмкіндік болса оған неге көмектеспеске? Егер оған пайдам тисе, қуанар едім. Дарынды футболшылар өсуі, дамуы керек.