Қазақстандық команда бас бапкерімен келісімшартын ұзартпайтын болды

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Армениялық маман Арам Восканян келесі жылы «Атырау» командасын жаттықтырмайды. Бұл туралы Meta-ratings.kz порталы хабарлады. 

Восканянның «Атырау» командасымен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады. Бірақ клуб басшылары келісімшартты ұзартпайтын болды. Биыл бүл маманның бастамасымен «Атырау» командасы Қазақстан біріншілігінде 11-орын алды. Дегенмен бюджеті «Ақжайық», «Шахтер» және «Каспий» секілді командалардан әлдеқайда жоғары болған еді. 

Клуб басшылары команданың биылғы маусымдағы нәтижесіне риза емес. Сол үшін де Восканянмен жаңа келісімшарт жасамайтын болды. 

Қазіргі уақытта «Атырау» басшылары бірнеше маманмен келіссөз жүргізуде. Олардың ішінде қазақстандық бапкерлер де бар екен. 

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде