Дидье Дешам: «Біз қарсыласты құрметтегендіктен, босаңсыған жоқпыз»

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Француздар екінші таймда да өз білгендерінен жаңылмады.

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстанға қарсы өткен ойынға (8:0) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды FootNational басылымы:

– Бізде әлем чемпионатына жолдама алу мақсаты тұрды. Ойыншылардың бірге ойнаудан ләззат алғанын көруге болады. Бұл бірінші және екінші таймда жасаған барлық істерімізді марапаттайтын нәтиже. Біз қарқынды жоғалтпадық. Үзілістен кейін босаңсып ойнауымыз мүмкін еді. Бірақ жоқ, біз сол қарқынмен ойнауды жалғастырдық. Бұл қарсыласқа деген құрмет болып саналады. Бүгін өте әдемі футбол кеші болды.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде