«ҚФФ-да ешкім қазақша білмейді». UEFA лицензиясын алуға келген бапкерлер шағым жасады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

ҚФФ техникалық орталығында UEFA лицензиясын алып жатқан бапкерлер шағым жасады. Олардың айтуынша, ұйымдастырушылар тәкаппар, сондай-ақ ешкім қазақ тілін білмейді. Бұл туралы «Тень отца Гурмана» Telegram-арнасы мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Курсқа келгендер қарым-қатынас нашар екенін айтып шағымданған. Олардың сөзінше, ұйымдастырушылар міндетсініп, өзін тәкаппар ұстайды. 

«Оқу мен емтихандағы атмосфера жаман - білім беруге емес, жауап алуға келгендей. (...) Емтиханды қазақ тілінде тапсыруға болмайды - орталық мамандарының ешқайсы қазақша білмейді. Топтағы кей адам бәрін қазақ тілінен орыс тіліне аударып отыруы қажет. Мұндай жағдайда қандай білім болады? Жыл сайын қазақтілді бапкер саны артып келеді, бүйте берсек, бапкерлер білімін көтере алмаймыз, ал ҚФФ-ға бәрібір», – деп жазылған арнада. 

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде