Қазақстандық клубтағы дау. Ойыншылар бойкот жариялады

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

«Тараз» клубында бапкер мен директорға қатысты дау ушығып тұр, деп хабарлайды «Гол емес» телеграм арнасы.

Бұл жолы командадан қақпашылар бапкері кетіпті. «Арслан Сатубалдин «Шахтермен» ойын алдында кетті. Себеп спорт директоры Нұртас Кургулинмен жанжал. Мұның алдында бас бапкер Вардан Минасян да командамен қош айтысқан еді», – деп жазады мәлімет көзі.

Ал «Тень отца Гурмана» мәліметінше, «Тараз» легионерлері бойкот жариялаған.

«Тараз» ойыншылары «Жетісумен» ойынға бойкот жарияламақшы болғанын жазып едім ғой? Бұған клуб жетекшісі Талғат Тұрлыбай ашуланып, мұндай болған жоқ деп еді.

Ал бүгін «Шахтермен» ойынға Карағандыға «Тараз» құрамының жартысынан астамы бармайтыны белгілі болды. Бірінші кезекте ол легионерлер. Команда айлық бермегеніне үш ай болды. Ал клуб базасында жейтін ештең жоқ болғандықтан, футболшылар өз беттерінше әр жерден тамақтанып жүрген көрінеді», – делінген хабарламада.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде