«Астана» командасы «Ордабасының» ойыншысына қызығушылық білдіріп отыр

Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).

Хабарлайды Vesti.kz тілшісі

«Астана» командасы «Ордабасының» жартылай қорғаушысы Эльхан Астановқа қызығушылық білдіріп отыр. Футболшы елордалық командаға қыста ауысуы мүмкін. 

Биылғы маусымда Астанов «Ордабасының» негізгі ойыншысына айналып, Қазақстан чемпионатында 22 кездесуге қатысты. Бұл ойындарда ол екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Наурыз айында Эльхан Францияға қарсы ойында Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Содан соң Ұлттық құрамаға тұрақты шақыртылып келеді. 

Қазіргі уақытта «Ордабасының» бюджеті айтарлықтай төмендеп кетті. Сол үшін шымкенттік команда жартылай қорғаушыны сатуы әбден ықтимал. 

Ал маусым аяқталған соң «Астана» командасынан Валерий Чуперка мен Макс Эбонг кетеді деген мәлімет бар. Астанов болса осы футболшылардың орнын басуы керек. 

Айта кетейік, бұған дейін «Астана» командасы «Тараз» қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен мен «Жетісу» шабуылшысы Айбар Жақсылықовқа қызығушылық білдірген еді.

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде