4 ойыншы Боснияға қарсы матчта ойнамайды
Этот пост написан пользователем Sports.ru, начать писать может каждый болельщик (сделать это можно здесь).
Марат Быстров, Абат Айымбетов және Руслан Валиулиннің денсаулықтарында кінәрат бар.
Қазақстан – Украина матчынан кейін Руслан Валиулин мен Марат Быстров жарақат алғаны белгілі болды. Медициналық тексерістен кейін олардың Босния құрамасына қарсы матч өткізуі неғайбыл болып отыр. Марат Быстровтың өкшесі қатты зақымдалған. Ал Руслан Валиулиннің сіңірі созылып кеткен.
Финляндия - Қазақстан матчы кезінде Абат Айымбетов иығын жарақаттап алған. Бұл жарақат осыған дейін де шабуылшыны мазалап жүрген еді.
Аталған үш ойыншының ертеңгі матчта алаңға шығуы белгісіз болып тұр. Команда дәрігері ертең ойын алдында нақты шешімін айтады.
Сонымен қатар, Нұралы Әліптің визасы жөнінде мәселелер туындады. Ойыншы алдағы ойынға қатыса алмауы мүмкін.