Жақында Бердыев «Қайратты» баптайды деген ақпарат шыққан. Бірақ барлығы соншалықты оңай емес

Жақында «Матч ТВ»-да Бердыев «Қайратты» баптайды деген ақпарат шыққан.

Оның көмекшісі, «Ростовата» бірге жұмыс істеген Дмитрий Кириченко болады деп айтылған.

Бірақ, Айдын Қожахметтің хабарлауынша, барлығы соншалықты оңай емес.

Қайрат Борнабаев күрделі тандаудың алдында тұр – клубтағы бүкіл тізгінді Құрбан Бердыевқа тапсыру, әлде Германиядан жаңа жас бапкерді қою.

Бердыев Кириченконы бас бәпкер рөлінде көріп тұр.

Бірақ Боранбаев үшін ол Семак немесе Карпин сияқты көрнекті бапкер емес. «Ростовтағы» кезден бері, ол өзі жатықтыра алатын бапкер ретінде емес, тек Бердыевтың ойларын жеткізуші ретінде таңылған.

Боранбаев Бердыевқа Конференция Лигасының топтық кезеңінде команданың жаңа тарихын жазып, өзі бас бапкер болу ұсынған болатын.

«Бірақ Бердыев оны қабылдауға асықпайды. Оған толыққанды бапкер емес, кеңес беруші рөлі жарасып тұр деп ойлайды», – дейді Айдын Қожахмет.

Кирилл Кекердің командадан кетуі соған байланысты. Ол ашық түрде – мен шешімдерді өзім қабылдаймын, әлде Бердыев өзі бапкер болсын деп айтқан болатын.

«Артем Гавриленко Кекердің кетуінен кейін команда тізгінің ұстауға бірінші кандидат болмаған. «Қайрат-Жастар» командасын баптайтын Кирилл Морунов команданың бас апкері міндетін атқарушысы болу керек еді. Біраз ол біреудің қол астында жұмыс істегісі келмеді. Ол тіпті Шпилевскийдің көмекшісі болудан бас тартқан екен.

Боранбаев неміс елінен жаңа бас бапкерді табуға ұсынған болатын. Бірақ Бердыев онымен келіскен жоқ, өйткені олардың ойынға көзқарастары бірдей болмауы мүмкін. Ал егер түсіністік болмаса, онда бірге қалай жұмыс істеуге болады? Бердыевтың кеңесші болуы бүкіл мәңді жоғалтады.

Боранбаев ойлауға бірнеше күн алды. Оның шешіміне көп нәрсе байланып тұр. Бердыевқа толық егемендік берілсе, онда ол академия түлектерін негізгі құрамға енгізу деген – клубтың философиясынан бас тарту болады. Егер Бердыев бас бапкер болуға келіссе, ол бұл философиямен келіспеуі әбден мүмкін. Және де академияның немістік даму концепиясынан бас тартып, оның бүкіл жұмысын өзгертуі мүмкін», – деп мәлімдеді Айдын Қожахмет.

«Қайрат» бұл өзгерістерге дайын ба?

Этот пост опубликован в блоге на Трибуне Sports.ru. Присоединяйтесь к крупнейшему сообществу спортивных болельщиков!
Другие посты блога
Sports қазақ тілінде